Қазақстан Республикасынын Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ (Астана қ., 2018 жылғы 14 наурызда)
ҚР 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 219-VI Заңымен ратификацияланды 2019 жылғы 24 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі 2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыруға байланысты мәселелерді неғұрлым толық реттеуді өзара қалай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Құзыретті органдар
1. Келісімнің ережелерін іске асыруға жауапты құзыретті органдар: - орталық құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; - құзыретті органдар - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті; - орталық құзыретті орган - Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; - құзыретті органдар - Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Тәжікстан Республикасының Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлігі және Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті болып табылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құзыретті органдарға қатысты өзгерістер туралы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу ақпарат берді. 3. Келісімнің ережелерін және осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды. 4. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өздерінің байланыс деректерінің өзгергені туралы бір-бірін жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.
Азаматтығы бар екенінің дәлелдемелері
1. Тараптар мемлекеттері азаматтығының бар екені мынадай құжаттармен расталады: 1) Қазақстан Республикасы үшін: - Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|