Қазақстан Республикасы Президентінің
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы (2009.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетiн ғарыш қызметiнiң басым бағыттарына шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қауiпсiздігі мiндеттерiн шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесiн күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. ҚР Президентінің 2009.18.06. № 829 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) ҚР Президентінің 2009.18.06. № 829 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын жоюға қойсын; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Қазғарыш" ҰК" АҚ) құрсын; 4) "Қазғарыш" ҰК" АҚ қызметiнiң негізгi бағыттарын: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдық, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру; ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу; халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану; ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу деп айқындасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|