Қазақстан Республикасы Президентінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы (2011.18.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы қимыл жасауға бағытталған iс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгiнiң тәртiптiк кеңестерi құрылсын, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртiп пен реттілiктi нығайту мақсатында тәртiптiк кеңестердiң жұмысын мына қағидаттарға сүйенiп ұйымдастырсын: қызметiнiң жариялылығы, жүйелiлігі және iстiң алдын алуға бағытталуы; жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн жұмыс отырыстарын әзiрлеу мен өткізуге кеңiнен тарту. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2005 жылдың үшiншi тоқсанында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясымен) бiрлесiп 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің бекiтуiне енгiзсiн, негiзгi назар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерi мен жағдайларын және азаматтардың құқықтарын бұзуды жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет қабылдаған шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету, бағдарламаны iске асырудың барысы туралы ел халқын жүйелi түрде хабардар ету жөнiндегі iс-шараларды әзiрлеуге аударсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|