Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман және аңшылық Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес, маңызды қорғану функцияларын орындайтын әрi ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылығы бар Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Ертіс өңiріндегі бiрегей қарағайлы ормандарды сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Бегенев, Бородулиха, Бөкебай, Долон, Жаңасемей, Жарма, Канонер, Морозов, Новошульба және Семей орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерiн қосу жолымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесi; 2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Бесқарағай және Шалдай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерiн қосу жолымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесi болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) құрылатын мемлекеттік мекемелердiң ережелерiн бекiтсiн және оларды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Құрылатын мемлекеттік мекемелердiң жерлерi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына, ал осы аумақтардағы ормандар "мемлекеттік табиғи резерваттардың ормандары" - қорғалу санатына жатқызылсын. 4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен құрылатын мемлекеттік мекемелер жерiнiң шекараларын айқындауды қамтамасыз етсiн. 5. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкiмдiктерi құрылатын мемлекеттік мекемелердің жерлерiн ерекше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы аймақ шегiнде мемлекеттік табиғи қорық қоры объектiлерiн сақтауға және өсiмiн молайтуға терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, көрсетiлген жерлердiң сыртқы шекарасы бойымен қорғау аймағын белгiлесiн. 6. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген, Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлiмде: "147 "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" 372 "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" 214"; "586 Орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер" деген жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесіндегі: 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "25 "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесi 26 "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесi"; 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-тармақтар алынып тасталсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|