|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде: 2-тармақта: бiрiншi абзацта «орынбасары» деген сөзден кейiн «немесе ғылыми-техникалық саладағы уәкілеттi органның бiрiншi басшысы» деген сөздермен толықтырылсын; үшіншi абзацта «агенттiктер мен комитеттердiң» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтың үшiншi абзацында «ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Білім және Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi, төрағаның орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Білім және Валерий Валентинович ғылым министрлігі Ғылым департаментінiң директоры, хатшы
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия Иван Михайлович және сауда бiрiншi вице-министрi
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер- Фархад Шаймұратұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Әмiрин - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік Ғұсман Кәрiмұлы қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Білiм және Нұралы Сұлтанұлы ғылым министрлігінiң «Химиялық- технологиялық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының бас директоры
Жұмағұлов - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Бақытжан Тұрсынұлы инженерлiк академиясы» қоғамдық бiрлестiгiнiң президентi (келісім бойынша);
мына:
«Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Премьер- Бірғаным Сарықызы Министрінің орынбасары, төраға
Берсiмбаев - Қазақстан Республикасының Білім және Рахметқажы Ескендiрұлы ғылым вице-министрi»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Білім және Бірғаным Сарықызы ғылым министрi, төрайым
Берсiмбаев - Қазақстан Республикасы Білім және Рахметқажы Ескендiрұлы ғылым министрлігінiң аппарат басшысы»;
көрсетiлген құрамнан Мамыраев Бейбiт Баймағамбетұлы, Шығаев Мұрат Насырұлы, Жақсыбеков Әділбек Рыскелдiұлы, Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Доминов Евгений Евгеньевич шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |