Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 мамырдағы № 440 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономиканың аграрлық секторын басқаруды ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету мақсатында және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы ұсынысын ескере Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы (мұнан әрі - Санақ) 2005 жылы өткізілсін. 1-тармақта жылдың саны өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.21. N 268 қаулысымен. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. № 1464 қаулысымен. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.20. № 1666 қаулысымен. 2. Санаққа дайындық өткізу, оның нәтижелерін өңдеу мен жариялау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып екі ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Санаққа жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы ұсыныс енгізсін. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2004-2007 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде Санақты дайындау мен ұйымдастыруға қажетті қаражат көздесін. 4-тармақта жылдың саны өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.21. № 268 қаулысымен. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. № 1464 қаулысымен. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |