|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға қосымшада: 1) Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Анпилогов - "Өскемен су электр станциясы АЭС"
Ахметов - "Эй-И-Эс Силк Poуд, Инк."
Висков - "KEGOC" ашық акционерлік
Морозов - "Қазмырыш" акционерлік қоғамы
Огай - Шығыс Қазақстан облысы әкімінiң
"Бертiсбаев Несiпқұл Бертiсбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Электр энергетикасы және қатты жанармай департаментiнiң директоры" деген жолдағы "қатты жанармай" деген сөздер "көмiр өнеркәсiбi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген құрамнан Богатырев Александр Егорович, Навид Исмаил, Недовесов Виктор Семенович, Рудман Борис Михайлович, Селиханов Дүйсенбай Мағзұмұлы шығарылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия туралы ереже: мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |