|
|
|
«Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль (2015.20.08. берілген өзгерістермен)
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Автомобиль жолының Қарағанды қаласы арқылы өтетін жалпы ұзындығы 33 километр учаскесі М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы» республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамынан Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 3. ҚР Үкіметінің 2015.20.08. № 655 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |