|
|
|
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi электрондық сайлау жүйесi инфрақұрылымының объектiлерi торабын ұстау және дамыту саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 003 «Инженерлiк-техникалық орталық құру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын. 6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi құрылған Кәсiпорынға және оның аумақтық филиалдарына жабдықтар мен инженерлiк-техникалық персоналды орналастыруға қажеттi санда жалдау негiзiнде қызметтiк алаңдар берсiн. 7. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |