|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 26, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесінде: 4-тармақтың жиырма жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «уәкiлеттi орган - құзыретiне мұнай-газ өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кiретiн мемлекеттік орган;»; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесінде: 7-тармақтың он төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «уәкiлеттi орган - құзыретiне мұнай-газ өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру кiретiн мемлекеттік орган.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |