Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және Осы редакция 2005 ж. 18 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінің және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгінiң ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру туралы ұсынысына (бұдан әpi - жоба) келісім берiлсiн. 2. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын. 3. Мыналар Қоғам қызметінiң негiзгi түрлерi болып белгіленсiн: 1) радиожиілiк спектрінің радиомониторингі жүйесiн және азаматтық мақсаттағы радио сәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алу жүйесiн техникалық сүйемелдеу; 2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімдiлігiн қамтамасыз ету, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгiне есептеулер жүргiзу және құралдық бағалау жөнiнде қызметтер көрсету; 3) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар таpaту аппараттарын әрi олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану; 4) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарының транспондерлерін ұсыну. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: Қоғам жарғысының бекітілуiн; Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн; Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгiне Қоғам акциялары мемлекеттік пакетінiң берiлуiн қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн. 6. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыру жөніндегі сатып алудың Қазақстан Республикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң жеткiзушiсi болып Ресей Федерациясының - "М.В. Хруничев атындағы ғылыми-өндiрiстiк орталық" федералдық мемлекеттік бiртұтас кәсiпорны (бұдан әрi - Жеткiзушi) белгiленсiн. 7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі 2004 жылғы 5 қаңтарға дейiн Телекоммуникациялық спутнигiн жасауға және бірге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару мен байланыс мониторингi жүйесi кешенiн геостанциялық орбитаға жеткiзуге арналған келісім-шартқа (бұдан әрi - Келісім-шарт) техникалық тапсырманы дайындасын және оны Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынсын. 8. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі ұсынған техникалық тапсырманың негiзiнде "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) Жеткiзушiмен Келісім-шарт жасасуын; Қордың "Қазсат" акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Қазсат" АҚ) құруын; Келісім-шарт бойынша Қордың құқықтары мен мiндеттемелерiнiң "Қазсат" АҚ-ға берiлуiн қамтамасыз етсiн. 9. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп 2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыруға, оның iшiнде Қордың байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыру жөніндегі шығындарды өтеуге қаражат бөлiнуi туралы мәселенi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзсiн. 10. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен жұмыстарды орындаудың бiрiншi кезеңiнен бастап Қоғамның тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi ықтимал жеткiзушiнiң Келісім-шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауын техникалық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн. 11. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-52-жолмен толықтырылсын: 21-52 Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" АҚ" 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 278-жолмен толықтырылсын: 278 "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" АҚ 12. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн. 13. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|