«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне (2005.27.07. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 3 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын басқару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 27 қарашадағы № 1598 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1995ж, № 36, 465-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген қоса берiлiп отырған өзгертулер бекітілсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер 1. "Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 қарашадағы № 1184 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, № 46, 553-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан жолдары" мемлекеттік холдинг компаниясымен" деген сөздер алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен 2 тармақ алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. "Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялары президенттерiнiң еңбек ақысы, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етiлуi жөніндегі Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 желтоқсандағы № 1251 қаулысымен бекітілген Ұлттық акционерлік, мемлекеттік холдинг және акционерлік компаниялары президенттерiнiң еңбек ақысы, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етiлуi жөніндегі Ережеге қосымшадағы "Қазақстан жолдары, Алматы қ." деген сөздер алынып тасталсын. 3.ҚР Үкіметінiң 22.11.97 ж. № 1641 қаулысымен алып тасталды 4. "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1490 қаулысы 36-тармағының бiрiншi абзацындағы "Қазақстан жолдары" мемлекеттік акционерлік компаниясы" деген сөздер алынып тасталсын. |