Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 6 ақпандағы № 149 және 2004 Осы редакция 2005 ж. 5 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн: 1) "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiкті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 6 ақпандағы № 149 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 88-құжат): Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: реттік нөмiрi 7-жолда: 2-бағандағы "қоғамын капиталдандыру жөнiнде" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражаты есебiнен 2004 жылы 2000000000 теңге мөлшерiнде "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамын капиталдандыру жөнiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 5-бағандағы "3-тоқсан" деген сөздер "4-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1229 қаулысында: 1-тармақтағы "1000000000 (бip миллиард)" деген сөздер "2000000000 (екi миллиард)" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
|