«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу және маңызды
Осы редакция 2005 ж. 21 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Құс тұмауының ықтимал пандемиясын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне құс тұмауымен ауырғандарды емдеуге арналған "Тамифлю" дәрілік препаратын сатып алуға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 61200000 (алпыс бір миллион екі жүз мың) теңге бөлінсін. 2. "Hoffmann-La Roche Ltd" компаниясы, Базель, Швейцария сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар құс тұмауымен ауырғандарды емдеуге арналған "Тамифлю" дәрілік препаратын беруші болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулының 2-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды; тауарларды мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|