Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ФУМЭКС"
Осы редакция 2006 ж. 9 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакциялады қара Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығының 2-бабына және Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 19.12.02 ж. № 1325 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. № 1451; 19.12.02 ж. № 1325 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. № 1451 қаулысымен 3-тармағы өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде: 1) Кәсіпорынның жарғысын әзірлесін және бекітсін; 2) оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 13.01.00 ж. № 72; 19.12.02 ж. № 1325 қаулыларымен 4-тармағы өзгертілді және толықтырылды 4. Заңдарға сәйкес Кәсіпорынның негізгі міндеттері: 1) аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингiн; 2) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөніндегі iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау; 2-1)алып тасталды 2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату. 2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткізу; 2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және 504-реттік нөмірмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктер карантині жөніндегі комитеті 504 "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы". 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |