Қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның
Осы редакция 2006 ж. 13 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8-бабына сәйкес, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару және дайын өнiм экспортын ынталандыру есебiнен iшкi өндiрiс көлемiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН коды 4707) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуiне тыйым салынсын. 2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын. 4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|