|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 327 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 34, 449-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесі: мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың объектілерінде және ғимараттарының төбелерінде тек ведомствоішілік байланыстың радиотаратқыш құралдарының антенналық-фидерлік құрылғыларын орнатуға жол беріледі. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда орнатылатын радиоэлектрондық құралдар үшін арнайы бөлінген техникалық үй-жайлар режимдік үй-жайлар мен есептеу техникасы құралдары объектілерінен кемінде 10 метр қашықтыққа алыстатылуы тиіс.»; мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын: «29-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда радиоэлектрондық құралдарды орнатуды, оларға техникалық қызмет көрсетуді (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), айырбастауды, пайдаланудан алуды осы мемлекеттік органның, ұйымның мамандандырылған бөлімшелері жүзеге асырады. Мамандандырылған бөлімшелер болмаған жағдайда радиоэлектрондық құралдарды орнату, оларға техникалық қызмет көрсету (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), айырбастау, пайдаланудан алу жөніндегі жұмыстарды орындаушы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі.»; 30-тармақтағы «29» деген сандар «29-1» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |