|
|
|
«Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) корпоративтік басқару жүйесі қызметінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін: 1) өтелінетін шығыстарды қоспағанда, жылына 9,5 миллион (тоғыз миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын сыйақы сомасында даму институттарының қаражаты есебінен тәуелсіз директорларға ақы төлеу шартымен акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) тәуелсіз директорларын іріктеу тәртібін әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етсін; 2) "Қазақстанның инвестициялық қоры", "Ұлттық инновациялық қор", "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - даму институттары) директорлар кеңестерінің құрамдарына тәуелсіз директорларды сайлау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асырсын. 2. Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктері тәуелсіз директорлардың қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды ескере отырып, даму институттарының қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын нақтылау жөніндегі шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі С.М.Мыңбаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |