|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2009.29.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат): 1-тармақта: Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары; Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі; Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі; Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары; Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі; Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі; Калюжный Вячеслав Афанасьевич - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы (келісім бойынша); Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); Баймаханов Мұрат Тәжімұратұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша); Жиреншин Қазбек Әбусағитұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы жанындағы заңнамалық кесімдердің жобаларын дайындау және сараптау ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, профессор (келісім бойынша); көрсетілген құрамнан Мұқашев Рахмет Желдібайұлы, Әмрин Асқар Кемеңгерұлы, Гамарник Геннадий Николаевич, Коржова Наталья Артемовна, Курбатов Владимир Николаевич, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы шығарылсын; 4-тармақ «Әділет министрлігіне» деген сөздерден кейін «шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау,» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Yкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 6 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.»; «9. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың бірінші және үшінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі.»; 11-тармақ «хаттамамен» деген сөздің алдынан «Комиссияға төрағалық етуші мен оның хатшысы қол қоятын» деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақта «төраға» деген сөз «төрағалық етуші» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын: «16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.»; 2) «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жоғарыда көрсетілген кезеңдердің әрқайсысында заң жобалау қызметін жүзеге асыру уәкілетті органның заң қызметінің басшысымен келісілуі тиіс. Заң сараптамасын жүргізу үшін келісуге жіберген кезде заң жобасының әр парағына уәкілетті органның заң қызметінің басшысы қол қояды.»; 3) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |