|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде 11-тармақшадағы "кепілдіктер беруге" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) Министрліктің, Министрлік жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар салаларында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлерін көтермелеу, арнайы белгілермен, құрмет грамоталарымен және көтермелеудің басқа да түрлерімен марапаттау жүйесін жүзеге асыруға". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |