|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2009.19.09. берілген өзгерістермен)
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі үшін өсімдіктер мен жануарлардың аса қауіпті инфекциялары қоздырғыштарының мониторингін және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 135 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 576-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі үшін өсімдіктер мен жануарлардың аса қауіпті инфекциялары қоздырғыштарының мониторингін және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасында: «1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімнің «Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 209,884 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 жылы - 60,0 млн. теңге; 2005 жылы - 70,028 млн. теңге; 2006 жылы - 79,856 млн. теңге»; «6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары барлығы 209,884 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 жылы - 60,0 млн. теңге; 2005 жылы - 70,028 млн. теңге; 2006 жылы - 79,856 млн. теңге»; «8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімнің «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген 6-бағанындағы реттік нөмірлері 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Барлығы 31,869, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 25,0; 2005 - 6,869»; «Барлығы 16,984, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 6,219; 2006 - 10,765»; «Барлығы 16,821, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 7,14; 2006 - 9,681»; «Барлығы 16,721, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 7,54; 2006 - 9,181»; «Барлығы 43,621, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 13,0; 2005 - 14,54; 2006 - 16,081»; «Барлығы 24,621, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 7,0; 2005 - 8,04; 2006 - 9,581»; «Барлығы 7,021, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,24; 2006 - 3,081»; «Барлығы 7,221, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081»; «Барлығы 7,221, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081»; «Барлығы 7,421, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 1,9; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081»; «Барлығы 10,021, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 2,6; 2005 - 3,34; 2006 - 4,081»; «Барлығы 10,021 оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 2,6; 2005 - 3,34; 2006 - 4,081»; «Барлығы 10,321, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 2,8; 2005 - 3,44; 2006 - 4,081». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |