|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1085 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 5, 48-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін: Амангелдиев Ардақ Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі; Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі; Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; Сағалбаев Ерғалы Төлендіұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы; Сүлейменов Нәсіполла Зейнолұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғат қорғауды бақылау комитетінің төрағасы; Жүндібаев Валерий Ермекбайұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Ұйымдастыру жұмысы, жиынтық талдау және бақылау департаментінің директоры; Испусинова Светлана Багитовна - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры; Қожамұратов Асылбек Әубәкірұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринария департаментінің директоры; Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры; Тәшібаев Мұрат Сетжанұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры; Нұрсұлтанов Серік Қабдешұлы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Бас әскери-медициналық қамтамасыз ету басқармасының бастығы; Біртанов Елжан Амантайұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры; Шәйкенова Анар Блокқызы - Азия Даму Банкінің (АДБ) жобаларды іске асыру жөніндегі маманы; Юрико Шоджи - Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының тұрақты өкілі; мына: "Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі"; "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі"; "Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы"; "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі"; "Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінің директоры, хатшы"; көрсетілген құрамнан Дүйсебай Жаңабайұлы Жаңабаев, Сәуле Әлкейқызы Диқанбаева, Батырхан Арысбекұлы Исаев, Сабыржан Мәдиұлы Бекбосынов, Асқар Оразалыұлы Шәкіров, Абай Бөлекпайұлы Тасболатов, Батыржан Зайырқанұлы Әшітов, Азамат Рысқұлұлы Ойнаров, Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, Андрей Иванович Лукин, Нұрлан Әбділдаұлы Ысқақов, Бірлік Есіркепұлы Оразбаев, Санат Тұңғышбекұлы Тұңғышбеков, Татьяна Андреевна Симонова шығарылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы, ережеде: 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасымен,» деген сөздер алынып тасталсын; мәтіндегі «Бағдарламалар», «Бағдарламаларда», «Бағдарламалардың» деген сөздер тиісінше «Бағдарлама», «Бағдарламада», «Бағдарламаның» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы "Кеңестің шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады" деген сөздер "Үйлестіру кеңесінің шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Yйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын; 11-тармақ «шешімдері» деген сөзден кейін «міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |