|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Mыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы, Жұмағалиев Асқар Куанышұлы, Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы, Ермұханов Әділша Мағрыпұлы, Боярина Людмила Васильевна, Пирогов Алексей Георгиевич шығарылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 7-тармақта «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды»; 10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Комиссия отырыстарының өткізілу нәтижелері бойынша барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |