«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы № 167 Жарлығына түсініктеме
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумактық даму стратегиясы Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты ағымдағы жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді. Стратегия экономикалық кеңістікті қалыптастыруды және халықты таратып орналастыруды, кластерлерді құрумен өзара ұштастыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді қоса алғанда, елдің аумактық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды. Стратегияны іске асырудың бағыттары мыналар болып табылады: 1) елдің өңірлік және әлемдік экономикада ұстанымдануының тиімді стратегиясын тұжырымдау мен іске асыру; 2) елді тиімді аумақтық ұйымдастыру; 3) өңірлерді тиімді экономикалық ұйымдастыру; 4) аумақтардың экологиялық жай-күйін жақсарту; 5) аумақтық дамуды институттық камтамасыз ету. Стратегияда Қазақстанның әлемдік рыноктағы ұстанымдануының бағыттары мынадай болып айқындалған: 1) Қазақстан - минералдық шикізаттың, астық өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің ірі өндірушісі мен жеткізушісі. Осы бағыт аясында негізгі міндет сыртқы рыноктарда орныққан ұстанымдарды күшейту және өндірістің озық технологияларын енгізу мен жаңа әлемдік рыноктарға шығу есебінен сапалы минералдық Шикізат, металлургия және астық өнімдерін ірі әлемдік жеткізушілер қатарына кіру болып отыр. 2) Қазақстан - Еуропа, Азия-Тынық мұхиты және Оңтүстік Азия экономикалық жүйелерінің өзара әрекеттесуінің трансқұрлықтық экономикалык көпірі. Мұнда негізгі міндет Батыс пен Шығыс (Еуропа мен Азия) арасындағы кеңістікте ресурстардың ағыны үдерістерін технологияландыру болып табылады. Өңірлік рынокта: 1) Қазақстан - өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуші ретінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|