Осы редакция 2006 ж. 5 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 368-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 қаулысына 368-1-қосымша
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1437202 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз жеті миллион екі жүз екі мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуы. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық негізбен 100 % қамтамасыз ету; 78 біліктілігі жоғары мамандарды жұмысқа тарту мемлекеттік қызметшілердің компьютермен және ұйымдастыру техникасымен жалпы қажеттіліктің 100 %-мен жарақтандырылуын қамтамасыз ету. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу; Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту; қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі орталық аппаратының бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға арналған орташа шығын 9420 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 33 мың теңге; Агенттіктің ақпараттың жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шығындардың орташа көлемі және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету - 366,5; Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне орташа ақы төлеу - 7937,5 мың теңге. Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау. Сапасы: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының барынша көп санын тарту және қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар рыногының ықпалдасуын қамтамасыз ету.
|