|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға 7-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында, реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің санын айқындау жөніндегі нормативтерді әзірлеу.«; 7-тармақта: «Тікелей нәтижелері» деген абзацта: «1500», «4», «12» және «1000» деген сандар тиісінше «4930», «6», «14» және «1400» деген сандармен ауыстырылсын; «- ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөнінде бюллетеньдер дайындау - 1000 дана» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің санын айқындау жөніндегі нормативтерді әзірлеу.«; 2) көрсетілген қаулыға 8-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында, реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «- зертхананы жарақтандыру үшін қорғалған орындаудағы сертификатталған АЖО компьютерлерін сатып алу - 2 бірлік.«; 7-тармақтың «Тікелей нәтижелері» деген абзацында «шуыл генераторлары - 89 бірлік, бұл ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарымен жарақтандыруға жататын мемлекеттік органдардың сұрау салуы жалпы санының 26%-ын құрайды;» деген сөздерден кейін «зертхананы жарақтандыру үшін қорғалған орындаудағы сертификатталған АЖО компьютерлері - 2 бірлік;» деген сөздермен толықтырылсын; 3) көрсетілген қаулыға 9-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Шредер сатып алу.«. 7-тармақтың «Тікелей нәтижелері» деген абзацында «115 қызметкер үшін нысанды киім-кешек сатып алу және тігу (тозған киім-кешекті ауыстыру).« деген сөздерден кейін «Шредер сатып алу - 1 бірлік.« деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |