|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 368-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағанында «корпоративтік желімен басқару үшін серверлер,» деген сөздерден кейін «ведомство дерекқорының сервері үшін процессор мен жад,» деген сөздермен толықтырылсын; «Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың бірінші абзацында: «корпоративтік желімен басқару үшін сервер - 1 бірлік,» деген сөздерден кейін «ведомство дерекқорының сервері үшін процессор мен жад 1 жиынтық,» деген сөздермен толықтырылсын; «қолданушылардың жұмыс станциялары» деген сөздерден кейін «417» деген сандар «567» деген сандармен ауыстырылсын; «іркілсіз жұмыс істеу көздері» деген сөздерден кейін «417» деген сандар «567» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |