«Халықаралық рейтингілік агенттіктермен жұмыс және ұлттық рейтингілік
агенттіктерді дамыту жөнінде жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 346-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыру және Қазақстан Республикасындағы ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекші |
Нұрбаев Орман Кәрімұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары |
Мұхаева Мәдина Мұсақызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық қатынастар департаменті халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, хатшы |
Алдамберген Алина Өтемісқызы | - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Құдайберген Алмас Шайықбекұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары |
Парусимова Любовь Ивановна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Есеп беру және статистика департаментінің директоры |
Айтмұхаметов Данияр Айтмұхаметұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмысы департаменті директорының орынбасары |
Бөбеев Мұхтар Сапарәліұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Стратегия және талдау департаменті директорының орынбасары |
Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары |
Нұрмәдиева Нәсима Ісләмқызы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары |
Есімқұлов Ерлан Тұрланғазыұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы |
Бәбенов Болат Базартайұлы | - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамның вице-президенті |
Ақпейісов Бейбіт Разақұлы | - «Қазақстан Республикасы банктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы комитеті төрағасының орынбасары |
Қуанғанова Гүлнәр Шаймұратқызы | - «Қазақстан кәсіпкерлері форумы»қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директорының орынбасары |
Бертісбаева Шолпан Смағұлқызы | - «ВБО Қазақстанаудит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қаржы ұйымдарымен жұмыс департаментінің директоры |
Өтембаева Әнел Нұрланқызы | - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Сақтандыру секторы және банктік емес қаржы ұйымдары департаменті директорының орынбасары |
Цалюк Галина Анатольевна | - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы листинг бөлімінің бастығы |
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыру мақсатында халықаралық рейтингілік агенттіктермен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. «Рейтингілік агенттіктермен жұмыс жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 76-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |