«Қазақстан Республикасы Yкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу және
Осы редакция 2006 ж. 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Астана қаласындағы «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешенінің ғимаратындағы өрттің салдарын жоюға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 1064100000 (бір миллиард алпыс төрт миллион бір жүз мың) теңге бөлінсін. 2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына тапсырыс беруші болып белгіленсін. 3. «Базис-А корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жұмыстарды беруші болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды; 2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|