|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесінде: 6-тармақтың үшінші абзацының 3), 4) тармақшалары және төртінші абзацы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген дайын алаңдар болған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жер учаскесін беру туралы келіп түскен өтініштердің (қолдаухаттардың) кезектілігі негізінде азаматтардың тізімін қалыптастырады, соған сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органынан және жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органнан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағында көзделген анықтамаларды сұратады. Ұсынылған анықтамалар комиссияның қарауы үшін азаматтың өтінішіне (қолдаухатына) қоса тіркеледі.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |