|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы (2009.26.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен күші жойылды
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінде: «Жүргізушілердің жалпы міндеттері» деген 2-бөлімнің 2.1.1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «жүргізуші куәлігінің талоны;». 2. ҚР Үкіметінің 2009.26.10. № 1682 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |