|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесінде: 1-тармақтың үшінші абзацы «оларды» деген сөздің алдынан «заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қаражат бөлуді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақ «, соңғылары болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган өтінішті қарамай қайтарады.» деген сөздермен толықтырылсын; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе» деген сөздерден кейін «тиісті» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға ақша бөлу туралы шешімінің жобасына осы мемлекеттік орган ақша бөлу туралы оң қорытындының көшірмесін қоса береді.»; 5-бөлімнің тақырыбындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервін» деген сөздер «Резервті» деген сөзбен ауыстырылсын; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «19. Сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін орындау сот атқару құжаттары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкіметінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен қамтамасыз етіледі.»; екінші және үшінші абзацтардағы «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «, олардың ведомстволары және аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын; 21-тармақтағы «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен толықтырылсын; 6-бөлімнің тақырыбындағы «Жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервін» деген сөздер «Резервті» деген сөзбен ауыстырылсын; «шешімдері бойынша» деген сөздерден кейін «тиісті» деген сөзбен толықтырылсын; «жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған» деген сөздер «сот шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Сот шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды. Бұл ретте мүдделі жергілікті атқарушы органдар осы Ереженің 22-тармағының сақталғанын растайтын материалдардың көшірмелерін сот шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасына қоса береді.»; «облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кассалық алшақтығын» деген сөздер «облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздерден кейін «ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын; «облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кассалық алшақтығын» деген сөздер «облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын» деген сөздермен ауыстырылсын; «кассалық алшақтық пайда болған жағдайда» деген сөздер «ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын; 25-26-тармақтардағы «облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кассалық алшақтығын» деген сөздер «ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын» деген сөздермен ауыстырылсын; «кассалық алшақтығын» деген сөздер «қолма-қол ақша тапшылығын» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздерден кейін «ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын; «облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кассалық алшақтығын» деген сөздер «облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Yкіметінің» деген сөздерден кейін «ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын; 8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібі»; «кассалық алшақтығын» деген сөздер «қолма-қол ақша тапшылығын» деген сөздермен ауыстырылсын; «кассалық алшақтық пайда болған жағдайда» деген сөздер «ағымдағы қаржы жылында олардың бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге облыстық деңгейдегі атқарушы органның резервінен ақша бөлу туралы өтініш береді.»; 31-тармақтағы «облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға» деген сөздер «ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «32. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен бюджеттік кредит беру қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді. 33. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өтініші бойынша оң қорытынды берілген кезде ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасын бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган облыс әкімдігінің қарауына енгізеді.»; 38-тармақта «мақсатсыз» деген сөзден кейін «және тиімсіз» деген сөздермен толықтырылсын; 39-тармақта «мақсатты» деген сөзден кейін «және тиімді» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |