|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 57, 553-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде: 2-тармақта: бірінші абзацтағы «, сондай-ақ ғылым және техника салаларындағы басшылықты және үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, ЖҒТК-нің жұмыс органының басшысы лауазымындағы жауапты хатшысы» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамалар ресімдейді.»; бірінші абзацтағы «кемінде екі айда бір рет өткізеді» деген сөздер «қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия Ғалым Ізбасарұлы және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Дерновой - Қазақстан Республикасының Денсаулық Анатолий Григорьевич сақтау министрi
Рамазанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Тілекқабыл Сәбитұлы министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Нұралы Сұлтанұлы министрлігінің Ғылым комитеті "Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Жұмағұлов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Бақытжан Тұрсынұлы инженерлік академиясы" қоғамдық бірлестігінің президентi
Мыңбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді Сауат Мұхаметбайұлы басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Келімбетов - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік Қайрат Нематұлы қоғамының басқарма төрағасы
Нүсіпова - "Ғылым қоры" акционерлік қоғамының Әсел Бекқызы басқарма төрайымы
Перуашев - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен Азат Тұрлыбекұлы жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы;
"Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия Владимир Сергеевич және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Фархад Шаймұратов Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісi
Могильный - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Валерий Валентинович министрлігі Ғылым департаментінің директоры, хатшы
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру Асқар Қуанышұлы және байланыс агенттігінің төрағасы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Школьник - Қазақстан Республикасы Президентінің Владимир Сергеевич Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Фархад Шаймұратұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Валерий Валентинович министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Жұмағалиев - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Асқар Қуанышұлы президенті";
көрсетілген құрамнан Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Бірғаным Сарықызы Әйтімова, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Қайрат Сәлімұлы Кәрібжанов, Аманкелді Құрбанұлы Саданов, Асқар Қанапияұлы Арынғазин шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |