|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік
Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің бюджет қаражаты мен штат санын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЛА-155/13 мекемесі» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЛА-155/17 мекемесі» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЕЦ-166/24 мекемесі» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «EЦ-166/21 мекемесі» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде: реттік нөмірлері 9, 23-жолдар алынып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |