Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы № 182 және 2002
Осы редакция 2007 ж. 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 3 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 6, 59-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесінде: 7-тармақтағы «табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiкті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі аумақтық (уәкiлеттi) органдардың келісімi бойынша» деген сөздер «заңнамада белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Мемлекеттік кiтапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 тамыздағы № 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы., 2002 ж., № 26, 285-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кiтапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кiтапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi органы; заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi - жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|