«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2007 ж. 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының құрамына: Қайрат Нематұлы Келімбетовті басқарма төрағасы; Прасад Бамрені басқарма төрағасының орынбасары; Әсет Өрентайұлы Исекешевті басқарма төрағасының орынбасары етіп сайлауды; 2) Асқар Болатұлы Сембинді «Қазақстанның Даму Банкі» (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі және президенті етіп сайлауды; 3) Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты Даму Банкі президенті лауазымынан босатуды және оны Даму Банкі директорлар кеңесінің құрамынан шығаруды қамтамасыз ету ұсынылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|