Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және (2007.08.02. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2006.20.06. № 564 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.08.02. № 90 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусин және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 40 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 561 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|