|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға арналған», «Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген» деген сөздер алынып тасталсын; кіріспедегі «тармақшаларына» деген сөзден кейін және «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығының 5-тармағының 4) тармақшасына» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінде: тақырыбындағы «Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген» деген сөздер алынып тасталсын; «Жарлығына» деген сөз «Жарлықтарына» деген сөзбен ауыстырылсын; «17 қаңтардағы № 1284» деген сөздерден кейін және «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304» деген сөздермен толықтырылсын; 1-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»; 1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу: 1) мемлекеттік орган басшысы - республикалық бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісінің не оны алмастыратын тұлғаның (егер осы мемлекеттік органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және жауапты хатшының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға анықталмаған жағдайда); 2) жауапты хатшының орталық атқарушы органның басшысымен келісілген; 3) Қазақстан Республикасының Президенті жауапты хатшының өкілеттіктерін орындауға белгілеген лауазымды тұлғаның шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.»; 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы органдарының басшылары» деген сөздер «Осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың бірінші абзацында: 1) тармақшадағы «уақытша болмаған қызметкердің» деген сөздер «қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) функционалдық міндеттерін тікелей орындау кезінде мемлекеттік тілді қолданғаны.»; 9-тармақтағы «орган басшысының» деген сөздер «осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтағы «органның басшысы» деген сөздер «осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.». 2. Қазақстан Республикасының тиісті орталық атқарушы органдарының жауапты хатшылары лауазымдарына тағайындалған күннен бастап қолданысқа енгізілетін жауапты хатшының өкілеттіктерін қоспағанда, осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |