«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (ҚР Үкіметінің 30.06.99 ж. № 906 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 18 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 30.06.99 ж. № 906 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" мемлекеттік кәсіпорындарына (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар) және олардың филиалдарына, заң актілерінде жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілін тіркеу қызметі жүктелген өзге ұйымдар белгіленген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу функциясы жүктелсін. 2. Жылжымалы мүлік кепілін тіркейтін орталық және жергілікті атқарушы органдар, осы қаулының 1-тармағына сәйкес, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу функциясын Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарға берсін. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір ай мерзім ішінде Жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің тәртібін әзірлеп, бекітсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар мен олардың филиалдарының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен құрылым мен штат санын есепке ала отырып, оларды жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметін жүзеге асыруы үшін қосымша қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етсін. 5. Министрліктер мен ведомстволар бір ай мерзім ішінде өздерінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |