Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi (2006.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 21 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темір жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын. 5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. 6. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн; ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Мыналарға: 1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) көлiк және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру мәселелерi жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi көлiк және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ экономика мен қоғамның көлiктiк және коммуникациялық қызметтерге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн тиiмдi және технологиялық жағынан жаңартылған көлiк-коммуникация кешенiн құру болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi, Қатынас жолдары комитетi, Азаматтық авиация комитетi, Көлiктiк бақылау комитетi. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлік өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен министрдің бұйрығымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 7. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47. 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрлiктiң негiзгi функциялары және құқықтары 10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді 1) көлiк және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: көлiк-коммуникация кешенiн дамытудың мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын әзiрлеу; заңнамалық кесiмдер, заңнаманы қолдануды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша көлiк-коммуникация кешенi саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау; Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша көлiк-коммуникация кешеніндегі техникалық шарттарды және өзге де нормативтердi әзiрлеу және қабылдау; табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келісу; мемлекеттік мұқтаждықтың және экономиканың тасымалдар мен коммуникацияларға қажеттiлiктерiне болжамдар әзiрлеу және оларды уақытында сапалы қамтамасыз ету; Үкiметтiң шешiмдерi бойынша көлік-коммуникация кешенiнiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттік үлестерi мен пакеттерiне иелiк етуге және пайдалануға байланысты функцияларды жүзеге асыру; өз құзыретiнiң шегiнде көлiк-коммуникация кешенiн дамытудың және оның жұмыс iстеуiнiң маңызды проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру; ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 774 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді 2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: көлiк және коммуникация саласында бiрыңғай мемлекеттік саясаттың iске асырылуын салааралық үйлестiру; өз құзыретi шегiнде көлiк және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық ұйымдарда және шетелдiк мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру, сондай-ақ халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникация саласындағы мүдделерiн қорғау; көлiк және коммуникация саласында қызметтер рыногын қалыптастыру және бәсекелестiк ортаны дамытуға жәрдемдесу; әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға байланысты конкурстар өткізу тәртібін ұйымдастыру және белгiлеу; өз құзыретi шегiнде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының жасалуын мемлекеттік бақылау; жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласында автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерінің сақталуын бақылау. 11. Министрлiктiң негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) көлiк-коммуникация кешенiнiң мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасуға; 2) Министрлiктiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға; 3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi бойынша көлiк-коммуникация кешенiнiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттік үлестерi мен пакеттерiне иелiк етуге және пайдалануға; 5) өзiнiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларын iрiктеудi және тағайындауды жүзеге асыруға, заңнамаға сәйкес бiрiншi басшылармен келісім-шарттар жасасуға; 6) Министрлiк ведомстволарының олардың мiндеттерi мен функцияларына сәйкес келмейтiн бұйрықтарының күшiн жоюға және хаттарын қайтаруға; 7) көлiк-коммуникация кешенiне жатқызылған мәселелер бойынша консультациялар жүргiзу үшiн тиiстi мамандарды тартуға; 8) көлiк және коммуникациялық қызметтi жүзеге асыратын объектiлердi жекешелендiру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге; 9) мемлекеттiң көлiк және коммуникация саласындағы қоғамдық бiрлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етуге құқығы бар. 12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 13. Министрлiкке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру 15. Министрлiкті Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады. Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлері болады. 16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады. 1) вице-министрлердің және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi; 2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды; 4) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды; 5) Министрлiктiң регламентiн, құрылымын және, ведомстволарды қоспағанда құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекiтедi; 6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктi бiлдiредi. 7) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 18. Министрлiктiң министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын министр бекiтедi. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату 19. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінің 2006.01.03. № 142; 2006.19.05. № 428; 2006.18.08. № 782 қаулыларымен тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi: 1) "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында); 2) "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында); 3) "Қазаэрожоба" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында); 4) "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; 5) Семей су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны; 6) Шығыс-Қазақстан су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны; 7) Павлодар су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны; 8) Орал су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны; 9) Атырау су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны; 10) Iле су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны; 11) Балқаш су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны. 2. Акцияларының мемлекеттік пакеттерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігіне иеленуге және пайдалануға берiлген акционерлік қоғамдардың тiзбесi: 1) ҚР Үкіметінің 2006.12.10. № 982 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 2006.28.12. № 1299 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ; 4) "ҚазАвтоКөлiк" АҚ; 5) "ҚазЖолҒЗИ" ААҚ; 6) "Эйр Астана" ЖАҚ; 7) "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКҚК" АҚ; 8) "Атырау әуе жолы" ААҚ; 9) "Kazakhstan Airlines" ААҚ. 10) «Павлодар әуежайы» АҚ 3. «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесі. 4. ҚР Үкіметінің 2006.17.11. № 1085 қаулысымен алып тасталды (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi-аумақтық органдарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Ақмола облыстық басқармасы 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Ақтөбе облыстық басқармасы 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Алматы облыстық басқармасы 4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Атырау облыстық басқармасы 5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы 6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Жамбыл облыстық басқармасы 7. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық басқармасы 8. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Қарағанды облыстық басқармасы 9. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Қызылорда облыстық басқармасы 10. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Қостанай облыстық басқармасы 11. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Маңғыстау облыстық басқармасы 12. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Павлодар облыстық басқармасы 13. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы 14. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi 1. "Ақмола облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 2. "Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 3. "Алматы облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 4. "Атырау облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 6. "Жамбыл облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі 7. "Батыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 8. "Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 9. "Қызылорда облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 10. "Қостанай облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 11. "Маңғыстау облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 12. "Павлодар облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 13. "Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 14. "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 15. "Астана қаласы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi 16. "Алматы қаласы бойынша көлiктік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында). 2. "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 2006.17.11. № 1085 қаулысымен тізбе өзгертілді (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi 1. «Қазаэрожоба» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында). 2. «Мемлекеттік авиациялық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына Қосымша ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 413-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат). 3. "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ - Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы № 74 қаулысының 3-тармағы. 4. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 63-құжат). 5. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 559 қаулысының 1-тармағы және 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 221-құжат). 6. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 792 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 277-құжат). 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 6 шiлдедегі № 1027 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 341-құжат). 8. "Жол саласының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 490-құжат). 9. "Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникация кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1665 қаулысының 2-тармағы және көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3, 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 46, 546-құжат). |