|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандарды даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) Академия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Академия қызметінің негізгі мәні: 1) Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) үшін жоғары білімі бар мамандар даярлау; 2) ҚАЖ қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; 3) ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау; 4) ҚАЖ-дың өзекті проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. ҚАЖ комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) жарғыны бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік мекеменің қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Академияны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 6. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіне: «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде: реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы». 7. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |