«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы
Осы редакция 2008 жылғы 6 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 131 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістік нормативінде: реттік нөмірі 2-жолдың 3-бағанындағы «Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы» деген сөздер «Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 7, 75-құжат): 1-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|