|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 46-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: Қаржыландыру көлемі мен көздерінде «25 050 383,0» және «21 486 116,0» деген сандар тиісінше «25 527 021,0» және «31 962 754,0» деген сандармен ауыстырылсын; кестеде «5 367 961,0», «25 050 383,0», «21 486 116,0» деген сандар тиісінше «5 844 599,0», «25 527 021,0», «21 962 754,0» деген сандармен ауыстырылсын; Күтілетін нәтижелердің төртінші абзацында «85» және «17» деген сандар тиісінше «168» және «100» деген сандармен ауыстырылсын; «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген 5-бөлімде: 5.3-ші кіші бөлімнің екінші абзацында «85» деген сандар «168» деген сандармен ауыстырылсын; «Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген 6-бөлімде: екінші абзацта «25 050 383,0», «5 367 961,0», «21 486 116,0» деген сандар тиісінше «25 527 021,0», «5 844 599,0», «21 962 754,0» деген сандармен ауыстырылсын; «Күтілетін нәтижелер» деген 7-бөлімде: төртінші абзацта «85» және «17» деген сандар тиісінше «168» және «100» деген сандармен ауыстырылсын; «Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: «Кардиохирургиялық бейінді мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру» деген 3-кіші бөлімде: реттік нөмірі 12-жолда: 2-бағанда «85» деген сандар «168» деген сандармен ауыстырылсын; 6-бағанда «24000,0» деген сандар «500638,0» деген сандармен ауыстырылсын; «Бағдарламаны іске асыру бойынша болжамды шығыстардың көздері» деген кестеде: «Республикалық бюджет» деген жолда: «2007 жыл» деген бағанда «5 367 961,0» деген сандар «5 844 599,0» деген сандармен ауыстырылсын; «Барлығы» деген бағанда «21486 116,0» деген сандар «21962 754,0» деген сандармен ауыстырылсын; «Барлығы» деген жолда: «2007 жыл» деген бағанда «5 367 961,0» деген сандар «5 844 599,0» деген сандармен ауыстырылсын; «Барлығы» деген бағанда «25 050 383,0» деген сандар «25 527 021,0» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |