|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 261-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесінде және оған қойылатын біліктілік талаптарында: 9, 10, 11, 12-тармақтардың 2) тармақшасындағы «ұзақ мерзімді» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |