|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында: 09 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» ішкі функциясында: 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша: 001 «Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында: 001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасындағы «452102» деген сандар «466972» деген сандармен ауыстырылсын; 009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» кіші бағдарламасындағы «35310» деген сандар «20440» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында: 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша: 016 «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасында: «Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік жедел жәрдем медициналық көмек ҒЗИ салу» деген жолдағы «670022» деген сандар «1976082» деген сандармен ауыстырылсын; «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академия» РМҚК 300 төсектік көпмаманды аурухана» деген жолдағы «1490000» деген сандар «1054647» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында «Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы» РМҚК 300 төсектік көпмаманды аурухана» деген жолдағы «1 490 000» деген сандар «1054646» деген сандармен ауыстырылсын; «Алматы қаласындағы «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» РМҚК 300 төсекке арналған көпмаманды ауруханасы» деген жолдағы «1490 000» деген сандар «1054647» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында: көрсетілген қаулыға 265-қосымшада: 7-тармақтың қаржы-экономикалық нәтижесінің екінші абзацындағы «1642,88» деген сандар «1724,13» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 274-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» деген сөздерден кейін «, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі» деген сөздермен толықтырылсын; «Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың тікелей нәтижесінде: «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығын» деген сөздерден кейін «, «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне» деген сөздермен толықтырылсын; қаржылық-экономикалық нәтижесіндегі «санаторийлік көмек» деген сөздер «санаторийлік және оңалту көмегін» деген сөздермен ауыстырылсын; «4100», «360», «158,1», «50,4» және «64,9» деген сандар тиісінше «3500», «300», «178,9», «233,4» және «92,4» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |