|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде: 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: «Азаматтық авиация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 136-жолда: 2-бағандағы «қайта жаңарту» деген сөз «қайта жаңарту жөнінде жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын; дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде реттік нөмірі 591-жолда: 5-бағандағы «1152199» деген сандар «1002199» деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы «1152199» деген сандар «1002199» деген сандармен ауыстырылсын; «Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда: 7-бағандағы «111206098» деген сандар «111056098» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында: көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 12 «Көлік және коммуникациялар» функционалдық тобында: 215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі» әкімшісі бойынша: 002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» бағдарламасында: 004 «Сыртқы қарыздар есебінен» кіші бағдарламасында: «1963970» деген сандар «2375570» деген сандармен ауыстырылсын; «Алматы - Астана автожолын қалпына келтіру 411600» деген жол алынып тасталсын; 005 «Ішкі көздер есебінен» кіші бағдарламасындағы «13993536», «5945000», «2873000», «3313400», «737710», «133200», «100000», «516000» деген сандар тиісінше «16030986», «4603300», «1873000», «3490400», «1082710», «116600», «95500», «269350» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Ақтөбе - Мәртөк - Ресей Федерациясының шекарасы» автожолын қайта жаңарту жөнінде жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу 50000»; 016 «Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен» кіші бағдарламасындағы «9388030», «176400», «15000», «3900000» деген сандар тиісінше «9605981», «766591», «73879», «3032979» деген сандармен ауыстырылсын. 006 «Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасында: «Қостанай әуежайының ұшу-қону жолағы мен аэровокзалын қайта жаңарту» деген жол «Қостанай облысының Қостанай қаласы әуежолының жасанды ұшу-қону жолағын және аэровокзалын қайта жаңарту жөнінде жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу» деген жолмен ауыстырылсын; «834500», «1134500» деген сандар тиісінше «101076», «1867924» деген сандармен ауыстырылсын; 028 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасындағы «3379999», «2005747», «5343000», «3396020», «730000», «178736», «5393057», «4779131», «500000» деген сандар тиісінше «3350351», «1988153», «5260623», «3442303», «699808», «171122», «5390851», «4146943», «323337» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында Күмісбеков көшесінен Бейсекова көшесіне дейін Сейфуллин көшесін салу 1 000 000» деген жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Астана қаласында Мирзоян даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін № 38 көшені салу 1 002 199; Астана қаласында Манас даңғылынан университет қалашығына дейін № 41 көшені салу 150 000; Астана қаласында Манас даңғылынан университет қалашығына дейін № 42 көшені салу 150 000; Астана қаласында № 19 көшенің оңтүстік жағына қарай медициналық кластерге кіреберіс жолдар салу 100 000; Астана қаласында № 41 көшеден № 42 көшеге дейін № 39 көшені салу 150 000; Астана қаласында № 38 көшеден № 12 көшеге дейін Мирзоян көшесін салу 50 000; Астана қаласында № 23 көшеден № 27 көшеге дейін Сарыарқа көшесін салу 350 000»; 3) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында: көрсетілген қаулыға 165-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 2-жолының 5-бағанында: 3-тармақ алынып тасталсын; реттік нөмірі 3-жолда: 4-тармақтағы «Астана - Петропавл автожолын қайта жаңарту және жобалы-ізденіс жұмыстар жүргізу, соның ішінде Көкшетау қаласы арқылы «Астана - Щучин» учаскесі» деген сөздерден кейін «. Шарт сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық төлем» деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақтағы «- «Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханға) -Атырау» деген сөздерден кейін «; -«Ақтөбе - Мәртөк - Ресей Федерациясының шекарасы» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 4-жолда: 1-тармақтағы «Батыс Қазақстанның автожолдарын қайта жаңарту;» деген сөздерден кейін «құрылысты қадағалау жөніндегі консультанттардың қызметіне ақы төлеу, құрылысты қадағалауға байланысты салықтар төлеу;» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтағы «қайта жаңартуға байланысты салықтарды төлеу,» деген сөздерден кейін «құрылысты қадағалау жөніндегі консультанттардың қызметіне ақы төлеу,» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 168-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 2-жолының 5-бағанында: 2) тармақшадағы «Қостанай қаласындағы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту» жобасы (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 70-ЖІЖ бұйрығы; мем. сараптама 2007 жылғы 25 ақпандағы № 2-98/05 қорытындысы) және» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» мынадай редакцияда жазылсын: «Тікелей нәтиже: «Қорқыт ата» әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және сервистік және әуеайлақты арнайы техникамен қайта жарақтандыру. «Қостанай қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және аэровокзалын қайта жаңарту» жобасының 2-кезеңінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу. Ақтөбе әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту»; көрсетілген қаулыға 179-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: «Астана қаласында Күмісбеков көшесінен Бейсекова көшесіне дейін Сейфуллин көшесін салу;» деген сөздер алынып тасталсын; «Астана қаласында № 4 көшеден № 23 көшеге дейін Сарыарқа көшесінің учаскесін салу (мемлекеттік сараптамалардың 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-741/04; 2005 жылғы 21 маусымдағы № 2-361/05 қорытындылары)» деген сөздерден кейін «Астана қаласында Мирзоян даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін № 38 көшені салу; Астана қаласында Манас даңғылынан университет қалашығына дейін № 41 көшені салу (мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 23-393/07 қорытындысы); Астана қаласында Манас даңғылынан университет қалашығына дейін № 42 көшені салу (мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 23-419/07 қорытындысы); Астана қаласында № 19 көшенің оңтүстік жағына қарай медициналық кластерге кіреберіс жолдар салу; Астана қаласында № 41 көшеден № 42 көшеге дейін № 39 көшені салу; Астана қаласында № 38 көшеден № 12 көшеге дейін Мирзоян көшесін салу; Астана қаласында № 23 көшеден № 27 көшеге дейін Сарыарқа көшесін салу (мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 6 қарашадағы № 2-612/07 қорытындысы);» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |