|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесінде: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 1-сыныпты зиянды (ластаушы) заттардың жылына 1 тоннадан астам, өндірістік объектілердің санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 2-сыныпты заттардың жылына 50 тоннадан астам атмосфераға шығарындыларымен бірге жүретін өндірістік үдерістерді жүзеге асыру.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |