|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 және 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысында: Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында: 5.3-кіші бөлімнің 5.3.1-тарауында он бірінші және он жетінші абзацтарда «Тарутинский» деген сөз алынып тасталсын; «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімдегі реттік нөмірі 80-жол алынып тасталсын; 2) «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысында: 2-тармақтың 2) тармақшасы «екі ай мерзімде» деген сөздерден кейін «осы қаулыға 2-қосымшаның 41-тармағында көрсетілген 2009 жылы беруге жататын республикалық меншіктің жылжымайтын мүлік объектісін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын: «4-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 4-тармағының 1), 2) тармақшаларынан туындайтын шараларды қабылдасын; 2) осы қаулыға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес оларды республикалық меншікке қабылдағаннан кейін тиісті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді қамтамасыз етсін. 4-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сатып алынған акциялардың пакеттерін республикалық меншікке қабылдасын.»; реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «ШҚО, Өскемен қаласы, Шлюзная к-сі, 1»; реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33-жолдар алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 4-қосымшада: «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: Ақтөбе облысы бойынша: 3 «Көпті» деген сөз «Қопа» деген сөзбен ауыстырылсын; 7-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6, 10-7, 10-8-тармақтармен толықтырылсын: «10-1. Қарағанды сай марганец рудаларының кен орны; 10-2. Көкпекті марганец рудаларының кен орны; 10-3. Өлетті марганец рудаларының кен орны; 10-4. «Авангард» мыс кен орны; 10-5. Көкжарлы мыс кен орны; 10-6. «Жарлыша» мыс кен орны; 10-7. Жыланды мыс кен орны; 10-8. Сарлыбай мыс кен орны.»; мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: «Батыс Қазақстан облысы бойынша: 10-9. Шалқар тұз құрылымы;»; «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: Маңғыстау облысы бойынша: 18-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: «19-1. «Бескемпір» темір рудаларының кен орны.»; «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ» бөлімінде: Қарағанды облысы бойынша: мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын: «40-1. Қарағанды көмір бассейнінің «Долинская» шахтасы.»; «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: Қостанай облысы бойынша: мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2, 41-3, 41-4, 41-5-тармақтармен толықтырылсын: «41-1. Приозерный боксит кен орны; 41-2. Құшмұрын боксит кен орны; 41-3. Көктал боксит кен орны; 41-4. Батыс-Обаған кен орны; 41-5. Тарутинск мыс-порфир рудаларының кен орны.»; көрсетілген қаулыға 5-қосымшада: «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 6-қосымшада: «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: «Батыс Қазақстан облысы 1-1. Ғимарат, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 206/1; 1-2. Іргелес жер учаскесі бар «Самал» қонақ үйі мүліктік кешені, Орал қ., Есенжанов к-сі, 45»; «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: 6-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 7-қосымшада: «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: реттік нөмірлері 2, 4-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 3-жолдың 3-бағанындағы «7,58» деген сандар «19,9» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын: «6-1. «Троллейбус паркі» АҚ, Ақтөбе қ. 100»; «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде: реттік нөмірлері 73, 77-жолдардың 3-бағанындағы «100» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 83-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |