|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақта «жарты жылда бір рет» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта «жарты жылда бір рет» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен, «жарты жылдықтан» деген сөздер «жылдан» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақта «Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге» деген сөздер «Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасында: «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыты мен тетігі» деген 5-бөлімде: «Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту» деген 5.1-кіші бөлімнің жетінші абзацы алынып тасталсын; «Орнықты экологиялық-экономикалық қызметті дамыту» деген 5.2-кіші бөлімнің алтыншы абзацы алынып тасталсын; «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 1-бөлімнің реттік нөмірі 1.1.6-жолы алынып тасталсын; 2-бөлімнің реттік нөмірі 2.2.1-жолы алынып тасталсын; 4-бөлімнің реттік нөмірі 4.1.1-жолында: 3-бағанда «Нормативтік құқықтық актінің» деген сөздер «Келісімнің» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-бағанда «2007 жылғы 4 тоқсан» деген сөздер «2009 жылғы 1-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |