|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 50, 496-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында: «Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімнің «Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолда «2008 ж. - 6520,7 млн. теңге» деген сөздер «2008 ж. - 5827,9 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын; «Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде: «5.6.-1. Мұнай мен өздігінен асып төгілетін ұңғымаларды жою және консервациялау» деген бөлімшеде: үшінші абзацта «8», «146» деген сандар тиісінше «4», «73» деген сандармен ауыстырылсын; «Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде: 2006 - 2009 жылдарға жоспарланатын геологиялық барлау жұмыстарының кестесінде: «3. Мұнай мен өздігінен асып төгілетін ұңғымаларды жою және консервациялау» деген бөлімде: 10-бағандағы «1385,5» деген сандар «692,7» деген сандармен ауыстырылсын; 1) тармақшада: 6-бағандағы «146» деген сандар «73» деген сандармен ауыстырылсын; 10-бағандағы «745,5» деген сандар «372,7» деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшада: 6-бағандағы «8» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын; 10-бағандағы «640,0» деген сан «320,0» деген санмен ауыстырылсын; 10-бағанның «Есеп бойынша барлығы» деген жолындағы «6520,7» деген сандар «5827,9» деген сандармен ауыстырылсын; «Елдің минералдық-шикізаттық кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: реттік нөмірі 118-жолдың 6-бағанындағы «2008 ж. - 640000,0» деген сандар «2008 ж. - 320000,0» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 119-жолдың 6-бағанындағы «2008 ж. - 745540,0» деген сандар «2008 ж. - 372770,0» деген сандармен ауыстырылсын; «Жиыны» деген жолдағы «2008 ж. - 1385540,0» деген сандар «2008 ж. - 692770,0» деген сандармен ауыстырылсын; «2006 - 2009 жылдар» деген жолдағы «2008 ж. - 6520683,0» деген сандар «2008 ж. - 5827913,0» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |